Садвакасова А..Н.

– С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 4-курс студенті

. — п.ғ.к., доцент

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

Қазақстан Республикасындағы қазіргі болып жатқан әлеумттік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, оқу-ағарту, білім беру салаларының қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр.

Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Бастауыш мектеп кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.

   А.Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін дұрыс пайдалану керектігін айтады.

   Т.Тәжібаев «Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады» — дейді.

Қ.Жарықбаев еңбектерінде «Баланың логикалық ойлауын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі» — делінген [1].

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Ал логикалық тапсырмалар баланың ақыл-ойын, қиялын,ой ұшқырлығын дамытады.

Логика ойлау процесінде ең алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Олай болса, логика ойлау процесін қалай зерттейді, оның қарастыратын пәні не деген сұрақ туады.

) байланысады.

Логика ғылымының анықтамасының мәнін ашып көрсету үшін, ойлау процесі дегеніміз не, оның заңдары мен формаларының мәні неде екенін түсіну қажет.Педагог ғалымдар, атап айтқанда, Н.Н.Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, И.А.Гибш «Логикалық ойлау» ұғымына нақты аныктама берген. Олардың пікірлерін жүйелесек, «логикалық ойлау» дегеніміз — логика заңдылықтарын пайдала отырып ұғымдарды, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский [2].

Ойлау дегеніміз – ең алдымен шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол біріншіден – дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден – дүниені тереңірек, толығырақ танып-білудің құралы. Себебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып-білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәні мен сырын тек ақыл-ойға салып, ойқорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз. Дүниені танып-білудің жолы – білмеуден білуге қарай дәл емес, толымсыз білімнен дәл де толық білімге өту жолы екені белгілі. Ойлауды зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі логиканың ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде өзіндік ерекшелігі – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зеттейді. Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы. Ұғым – деген сөздің өзі «ұғу» деген етістікпен бір түбірлес. Біздің қандай да бір нәрсе не құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті туралы басқа нәрселермен қатынасын білген жағдайда ғана оны басқалардан ажыратамыз және сол нәрсе туралы ұғымымыз болады.

   Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру; 

• ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту; 

].

Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

].

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

деген мақал бар.Бұл мақалдың мәні логика ғылымындағы тепе-теңдік заңының баламасын білдіріп, оның көлем мөлшеріне қатысты қағиданы тұжырымдайды. Ал «Көз жеткізбегенді, сөз жеткізеді» дейтін мақал адамның дүниені танып білудегі тікелей сезімдік танымы мен сөз арқылы бейнелейтін абстрактілі ойдың мәнін білдіреді. Шешендік өнер мен сөйлеу әрекетінің қисынды болуының мән-жайын «Өнер алды – қызыл тіл» деген мәтелмен білдіреді. Халық даналығының қайнар бұлағы болып табылатын мақал-мәтелдер әрбір нәрсенің шындығына адамдардың көзін жеткізіп, оның санасында ақиқаттықты ұялатудың қуатты құралы ретінде қолданылады.

аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек:мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да сабаққа дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамыуымен байланысты болуы керек.

Оқушыларды логикалық ойлауға қалай үйретуге болады? Бастауыш сынып оқушыларын логикалық ойлауға үйретуге бола ма? Балаларға жас ерекшелігіне байланысты қандай қиындықтағы тапсырмалар беру керек?

Міне, осындай сұрақтар көптеген мұғалімдері мазалайды.Мұғалімнің басшылығымен балалар түрлі есептер мен тапсырмалар орындай отыра логикалық тәсілдері қолдануды үйренеді.Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілеті дамып, білімдері бекіп,ізденуге, өз жұмыстарының ойларын ортаға салуға дағдыланады да, сөз қорлары молаяды.Олардан ойлау, есте сақтауын қажет етеді,қызығушылығы оянып, ой-өрісі дамып, алған білімдерін анықтайды. Оқыту процесінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен міндеті.

Мысалы.Логикалық жаттығулар:

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)

2. Үш ағайынды.

Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?

(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)

3. Қай ауылдың балалары?

Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –

Қосқұдықтан, екіншісі -Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.

Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

(Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -үштөбеден.)

Қызықты әзіл-есептер.

1. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

3.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

Математикалық телефон

Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосуға және азайтуға жаттықтыру.

Керекті құралдар: Ойыншық телефоны, картон қағаздан дайындалған телефон тұтқасы.

Мазмұны: Бұл ойынды мұғалім мен класс толығымен болып, екі оқушы дара, немесе бір оқушымен класс болып ойнайды. Күнделікті өз үйлеріндегі телефонмен сөйлескендері сияқты екі бала бір-біріне математикалық тапсырмалар беріп, жауабын алады. Ойынға қатыспаған балалар олардың жауаптарының дұрыс не бұрыстығын тексеріп отырады,Бір бала сұрақ қояды, ал екінші бала жауап береді. Жауап бере алмаса орнына отырады да, ойынды басқа бала жалғастырады.Осылайша тездете отырып, бүкіл кластың балаларын толық қамтуға болады.

Тапсырмаларды түрлендіріп, күрделендіріп жалғастырып ойнай беруге болады.

Суреттегі шаршылардың бос тор көздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.

15 саны.

 

1

5

4

 

 

 

1

13

10

 

 

39 саны.

 

 

 

Оқулықтағы шығармашылық жаттығулар оқушылардан тек қана математикадан білім емес, күделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Бұлар негізінен оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негізделген. Бұл — өте қиын, аса жауапты, бірақ игілігі мол ардақты жұмыс. Ендеше логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек. Біз бұл ұғым және олармен байланысты мәселелер бойынша психолошиялық, педагогикалық оқу әдістемелік әдебиеттерді және ғылыми зерттеу жұмыстарын қарап шығып, логикалық ойлауды дамыту ұғымы ойлауды дамыту ұғымын қамтиды деген пікірге келдік. «Ойлау — логиканың заңдылықтарымен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» дейді В.Кириллова.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

2014 ж. № 5

Логика: Оқу құралы.2- басылым. −Астана:Фолиант,2012ж

ыш мектеп, №12, 2008ж.

Өтінім

Садвакасова Акмарал Нурлановна

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

студент

Тойбазарова Н.А.., педагогика ғылымының кандидаты, доцент. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

психологиялық-педагогикалық негіздер және арнайы дайындық

@mail.ru

сырттай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

About Author: