Home / Виртуальные библиотеки / Биотопливо / Сабак-жоспар-диктант

Сабак-жоспар-диктант

САБАҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

Сабаққа қойылатын талаптар

Кез келген сабақтың жоспары оның мақсатынан басталады. Бұдан соң мұғалім қойылған мақсаттарға жету үшін сабақтың аса тиімді түрін анықтайды және қандай құралдармен жүзеге асыру жақтарын ойластырады.

Сабақ дайындықтан басталады, сабаққа керекті дидактикалық материал, көрнекі құралдар дайындалады, қосымша әдебиеттер пайдаланылады т.б.

мұғалім жұмысының ең негізгі бөлігі.

дай талаптар қойылады:

сабақтың дидактикалық және тәрбиелік даму мақсаттарын дұрыс анықтап, тақырыптық сабақтар жүйесіндегі маңызын белгілеу;

сабақтың түрін белгілеп, оның құрылымын ойластыру (сабақтың барлық бөлігі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады);

сабақты өткен және өтілетін сабақтармен байланыстырып отыру;

жаңа материалды оқып үйренудің әдістерін барынша сұрыптап, қолдану;

оқылған материалды қайталау мен бекітудің жүйесін ұйымдастыру;

сабақтың мұқият ойластырған жалғасы және келесі сабаққа баспалдақ);

оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін есепке алу.

:

оқушылардың денсаулығын қорғау (техникалық қауіпсіздік, сынып тазалығы);

әрбір сабаққа дайындалу, белгілі тақырып бойынша сабақтар жүйесін жоспарлау (әр сабаққа керекті оқу материалын күні бұрын сұрыптап, оның көлемін анықтау және нақты сол сыныпқа сәйкес ауыр-жеңілдігі ескерілуі, сондай-ақ сабақ кезінде атқарылатын барлық жұмыс түрін белгілеу);

әр сабаққа қажетіне қарай көрнекілік және дидактикалық материал, оқытудың техникалық құралдарын дайындау;

сабақ кезінде оқушылардың білімді өз бетімен алуына мүміндік туғызу.

:

жағына көңіл аударылады;

дидактикалық принциптерден туындайтын талаптар қатаң ескеріледі (ғылыми, білімінің жүйелілігі мен беріктігі, жекелік мүмкіндіктерді есепке алу, алған білімнің өмірмен байланыстылығы т.т.;

оқу процесі негізінде мақсатқа жету үшін табандылыққа баулу, ұжымда ұстамды, шыдамды болуға тәрбиелеу қажет.

:

сабақ баланы қызықтырып, білімге құмарлығын арттыруы керек;

сабақтың қарқыны бір қалыпты жүруі тиіс;

болғаны жөн;

сабақтың өне бойында оқушылар жұмыс істейтін болсын.

Сабақ түрлері және оны ұйымдастыру жолдары

Сабақ типтері мен құрылымы жөнінде ғалымдардың алуан түрлі пікірлері, зерттеулері болды. Бұрынғы одақ көлемінде М.Л.Саткин, И.Я.Лернер, М.Махмутов, Ю.К.Бабанский, В.А.Онищук, Ю.Б.Зотов, И.Д.Зверев, Т.А.Ильина т.б. педагог-ғалымдар дидактика мәселелеріне көңіл бөліп, сабақты ұйымдастыру жайлы құнды пікірлер айтты. Атап айтсақ: Ю.К.Бабанский «Қазіргі жалпы білім беретін мектепте оқыту әдістері (1985), В.А.Онищук «Қазіргі мектептегі сабақ» (1986), Ю.Б.Зотов «Қазіргі сабақты ұйымдастыру» (1984), М.Махмутов «Қазіргі сабақ» (1985), Н.В.Кухарев «Сабаққа дайындалу және оны өткізу» (1985) т.б.

бөлген:

;

2. Білім, іскерлік, дағдыны жетілдіру сабағы;

3. Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы;

4. Аралас сабақ;

5. Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау сабағы.

бөлген:

1.Жаңа білімді меңгерту сабағы;

2. Білім мен дағдыны қалыптастыру сабағы;

3. Білім, дағды білікті қалыптастыруға үйрету сабағы;

4. Білімді жүйелеу және қорытындылау сабағы;

5. Дағды, білімді тәртіпке, ретке келтіріп, бағалау, тексеру сабағы;

6. Аралас сабақ.

«Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» (1993) еңбегінде сабақтың типтерін екі үлкен топқа жіктейді:

. Теориялық білім меңгертетін бұл сабақтар оқушыларға тілдік материал теориясын игертуде іске асырылады. Жаңа сабақ жаңа білім беру үшін, біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі. Ал лекция сабақ теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады.

материалдарды жаттықтыра түсу, тексеру сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған білімдері қаншалықты меңгергенін байқау, сынақ сабақ қазақ тілінен алған білім мен дағдысын бір жүйеге түсіру, коллоквиум сабақ оқушылардың білімін бір ізге түсіру, талдау сабағы оқушылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателерін арнайы талқылау, қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Жалпы, қазақ тілінен өткізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар деп бөлінеді.

.

.

: Өткенді еске түсіру, үй тапсырмасын беру және оны тексеру, өткенді сұрау және бекіту сияқты сабақ құрылымдары әр сабақта кездесіп отырады.

 

Сонымен, қазақ тілінен өтетін сабақтарды (дәстүрлі, дәстүрлі емес) жалпылама түрде былайша топтаймыз:

1) Жаңа сабақ;

2) Бекіту сабағы;

3) Қайталау сабағы.

Жаңа сабақ

Қазақ тілінен өтілетін жаңа сабақ жүйесі – сабақ процесінің ең күрделісі. Жаңа сабақта оқушыларға жаңа теориялық білім беріледі.

:

– өтілетін тақырыптардың дәл, анық болуы;

– өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы;

– жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы;

– жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы т.с.с.

анықтамалар мен ережелер айтылады және тақырыпқа сай лайықты дағдылар жүргізіледі.

Озат мұғалімдер тәжірибесімен жүргізілген әдістемелік эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып, сабақтың мына сияқты құрылымын ұсынуға болады:

Сабақтың бұл түрі талдау арқылы жүзеге асырылады. Ол өткен материалдарды сұрау, қайталау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты сабақ элементтерін қамтиды.

Түрлі иллюстрациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып, материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын, тақырыптың бөгде материалдарымен байланысын жүзеге асырады.

Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады.

. Тақырыпқа тиісті жаттығу жұмыстарының бестен артық түрі орындалады.

Жаңа сабақтың құрылымдық элементтерін төмендегі уақыт мөлшерімен көрсетуге болады:

1) өткенді еске түсіруге 3-5 минут;

2) жаңа материалды танытуға 17-20 минут;

3) анықтама мен ереже шығаруға 2-3 минут;

4) дағдыландыру жұмысын жүргізуге 10-12 минут.

Бұл сабақтың құрылымдық элементтері мен оған арналған уақыт мөлшері – қатып қалған нәрсе емес. Материалдың көлеміне, қиындық дәрежесіне қарай ішінара өзгертіліп отырады. Бірақ осы өзгертуде жоғарыда айтылғандар сақталуы қажет.

Бекіту сабағы

Бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп оқушыларының қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру мақсатында жүргізіледі.

Бекіту сабағы лексиканы, фонетиканы, грамматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Бұл сабақ теориялық білімді бекіту және оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамтиды.

Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады:

1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша;

2) мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде;

3) оқулық пен оқу құралдары негізінде;

4) картина және сурет негізінде;

5) схемалар мен кестелер бойынша;

6) оқушылардың ауызша құрастырған сөйлемдері бойынша;

7) орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша;

8) арнайы дайындалған мәтіндер арқылы.

Бекіту сабағында оқушылар қазақ тілінен алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуі және оны жазбаша мақсатта жүргізілетін еңбектерінде іске асыруы негізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алған білімін диктант, мазмұндама, шығарма және іс қағаздарының үлгілерін жазумен ұштастырады.

:

1) Үй тапсырмасын тексеруге 5-7 минут;

2) Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізуге 10-13 минут;

3) Жаттығу жұмыстарын орындауға 20-22 минут;

4) Үй тапсырмасына беруге 2-3 минут.

Қайталау сабағы

білім беру процесінің басты бір бөлігі.

Қайталау сабағын жүйелі жүргізу үшін оған мынадай талаптар қойылады:

1. Қайталау сабағының негізгі мақсаты анық болуы тиіс;

2. Қайталау сабағының түрі белгіленуі қажет;

3. Қайталау сабағы жоспар негізінде өтілуі жөн;

4. Қайталау өткенді еске түсіріп қана қоймай, оны терең ұғынуға көмектесуі керек;

5. Қайталау түрлері бір-біріне байланысты түрде өткізілуі тиіс;

6. Қайталау оқушылардың белсенділігін арттыруы қажет.

Қайталау сабағы да басқа сабақтар сияқты өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) лексика бойынша өтілетін қайталау сабағы;

2) фонетика бойынша өтілетін қайталау сабағы;

3) морфология бойынша өтілетін қайталау сабағы;

4) орфография бойынша өтілетін қайталау сабағы;

5) орфоэпия бойынша өтілетін қайталау сабағы;

6) синтаксис бойынша өтілетін қайталау сабағы;

7) пунктуация бойынша өтілетін қайталау сабағы;

8) тіл ұстарту бойынша өтілетін қайталау сабағы.

Қайталау сабақтары төмендегіше топтастырылады:

I. Бастапқы қайталау сабағы;

II. Күнделікті қайталау сабағы;

III. Мерзімді қайталау сабағы;

IV. Қорытынды қайталау сабағы.

ауырлық келтірген тілдік материалдар қайталанады. Бастапқы қайталау өз сыныбына қарай әр түрлі көлемде және әр түрлі тақырып аясында жүргізіледі.

өткен материалдар мен жаңа тақырыпты ұштастырып, жаңа сабақпен неғұрлым тиімді де жүйелі байланыстыру үшін өткізіледі. Сондай-ақ күнделікті қайталау алдыңғы өткен материалды оқушылар есіне түсіріп, оларды ұмыттырмайды, сөйтіп, оқушы білімін бекіте түсуге сеп болады. Сонымен бірге күнделікті қайталау арқылы өткен материалдың қаншалықты меңгерілгенін білуге болады.

Күнделікті қайталау сабақ процестерінің мынадай позицияларында іске асырылады:

1) сабақ басында;

2) сабақ ортасында;

3) сабақ соңында.

өтілген тілдік тараулар мен күрделі тақырыптарды бір арнаға түсіру мақсатында жүргізіледі. Мерзімді қайталау үшін әр кезде өтілген тараулар мен ірі тақырыптар іріктеліп, сұрыпталады. Мерзімді қайталау сабағы арқылы мұғалім мынадай міндеттерді анықтап алады:

1) білім мен дағдының қаншалықты дәрежеде меңгерілгендігін анықтайды;

2) тілдік материалдар арасындағы органикалық бірлікті, байланысты аңғарады;

3) оқушылардың білімі мен дағдысын есепке ала отырып, жіберілген олқылықтардың орнын толықтыру жолын белгілейді;

4) оқушылар жауаптарына қарай отырып, алдағы тілдік материалдарды қалай меңгертудің әдіс-тәсілдерін қарастырады.

оқу жылы бойы өтілген тілдік материалдарды немесе курсты түгел жинақтап пысықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл қайталау оку жылының соңғы апталарында өткізіледі. Қорытынды қайталау барысында оқушылардың зейіні курстағы өтілген басты-басты тілдік мәселелерге қаратылады. Қорытынды қайталау сабағында сынақ-сабақтың элементтері жиі кездесіп отырады. Сынақ-сабақ екі түрлі мақсат көздейді:

1) оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі;

2) өтілген тілдік материалдарды қайталау, жинақтау, қорыту бағытында өткізіледі.

 

қушылардың ұғымын, іскерлігін, білімін, дағдысын ұйымдастыру, орындату, жаттығулар арқылы да жүзегс асыру, бөлек-бөлек қаралмай, комплексті түрде жүзеге асырылады.

деген түрі бар. Мұнда екі немесе үш пән (сабақ емес) біріктіріле жүргізіледі. Дегенмен сабақтың бұл түрі отандық тәжірибеде белсенді емес.

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР

Білім беру мазмұны арнайы түрде Білім және ғылым министрлігінде бекітілген құжаттарда нақтыланады, олар:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:

– үздіксіз білім беру;

– барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;

– жалпы орта білімнің тегіндігі;

– орта білімнің міндеттілігі.

– мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:

– азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;

– республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне қарамастан барлық оқушының ортақ негізгі білім көлемін меңгеруін қамтамасыз ету.

– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Типтік оқу жоспары Білім және ғылым министрлігінде жасалып, барлық орта мектепке ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.

– оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқу бағдарламасында қамтылады:

– белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;

– пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;

– негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;

– әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;

– пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;

– әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;

– ұсынылатын әдебиет.

оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

. Мемлекеттік білім беру стандарты, Оқу жоспары және Оқу бағдарламасын ҚР Білім және ғылым министрі бекітеді.

 

ЖОСПАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Жоспар құрылымдық жағынан (қамтитын мәселесі) 2 топқа бөлінеді:

1) Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (ТКЖ);

.

әр сынып бойынша тұтас оқу жылында қамтылатын тақырыптар мен оларға бөлінген сағат саны белгіленеді. Бұл жоспар Оқу бағдарламасы негізінде Қалалық білім бері бөлімінде жасалып, барлық мектепке таратылады.

ТКЖ негізінде жасалады, яғни мұнда ТКЖ-да көрсетілген тақырыптар сабақ барысына ыңғайландырылады. Басқаша айтқанда, сабақ жоспары күнделікті өтілетін сабақ көлеміне байланысты (45 минут) жасалады.

:

(күнделікті сабақ жоспары);

(белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалуы мүмкін);

(тоқсанға немесе оқу жылына жасалуы мүмкін).

Қазірде жоспардың бұл түрлерін көбіне арнайы деңгейлік білім көтеру курсынан өткен мұғалімдер жасап жүр. Дегенмен бірқатар мектепте жалпы мұғалімдерден ҚМЖ талап етілетіні де тәжірибеде бар.

Сабақ жоспары көлеміне қарай 2-ге бөлінеді:

. Мұны тәжірибелі мұғалімдер жасайды, дегенмен қажет болған жағдайда тәжірибелі мұғалімдер де күрделі жоспар жасайды;

(көбінесе жас мамандарға міндеттеледі).

:

1) Дәстүрлі сабақ жоспары;

2) Дәстүрлі емес сабақ жоспары.

:

:

– сыныбы, оқушы саны, пәні, тақырыбы;

– мақсаты (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық);

– сабақ түрі (дәстүрлі, дәстүрлі емес);

– әдістері (түсіндіру, жаттығу, көрнекілік);

– көмекші құралдар (оқулықтар);

– ұйымдастыру кезеңі;

2) Негізгі бөлім:

– түсіндіру;

– бекіту;

– үй тапсырмасын сұрау және үйге тапсырма беру;

– бағалау.

Толығырақ мысал:

І Кіріспе бөлім

1) Ұйымдастыру кезеңі (3-4 минут)

2) Сабақтың тақырыбы (уақыт берілмейді)

3) Сабақтың мақсаты

4) Пайдаланылатын әдебиеттер

5) Көрнекі құралдар

6) Қолданылатын әдіс-тәсілдер

7) Жүргізілетін жазба жұмыстар (нөмірі, беті)

8) Пәнаралық байланыс (жаңалықтарға қатысты сөйлем т.б.)

9) Өздік жұмыстар (карточка, жаттығу т.б.)

10) Сабақ түрі (дәстүрлі не дәстүрлі емес)

ІІ Негізгі бөлім

11) Жаңа сабақты түсіндіру (қалай түсіндіретіні жазылады / 20 минут)

12) Жаңа материалды бекіту (6 минут)

13) Үй тапсырмасын сұрау

14) Сабақты қорыту (оқушыға не мұғалім қорытуына болады): а) жаңа материал бойынша; ә) өткен материал бойынша

15) Үйге тапсырма беру (тақтаға орындау үлгісі жазылады)

16) Оқушы білімін бағалау (себебін түсіндіру)

: Мұнан басқа да пункт қосамын деушілерге шектеу болмайды.

 

САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты белсенді, саналы қабылдауға дайындау кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

ІV. Жаңа материалды түсінулерін тексеру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау

VІІІ.Үй тапсырмасы

 

Бұл кезеңдер бойынша күнделікті сабақ жоспарының жасалу үлгісі:

 

:

:

а) білімділік мақсаты:

ә) тәрбиелік мақсаты:

б) дамытушылық мақсаты:

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Пәнаралық байланыс:

:

:

:

а)

ә)

б)

:

:

:

:

ҮІ. Бағалау

:

 

– мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауы үшін берген тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:

1) материалды оқулық бойынша меңгеру;

2) түрлі жазба және практикалық жұмыс (жаттығулар) орындау;

3) шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;

4) түрлі сызба мен диаграмма дайындау т.б.

.

 

 

ДИКТАНТ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында негізгі 7 құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік.

Коммуникативтік құзыреттілік – коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы. Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде, негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады.

Ұлттық іс-қимыл жоспарындағы 7 құзыреттілік:

1) тілдік құзыреттілік;

2) кәсіби құзыреттілік;

3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

4) ақпараттық құзыреттілік;

5) қатысымдық (коммуникативтік) құзыреттілік;

6) танымдық құзыреттілік;

7) әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік.

) «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі қажет. Мысалы:

Оқу жылы тоқсандары

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

5-сынып

Диктант

3

3

3

3

6-сынып

Диктант

3

3

3

3

7-сынып

Диктант

3

3

3

3

8-сынып

Диктант

3

3

3

3

9-сынып

Диктант

1

1

1

1

4

 

Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндер пайдаланылады, мысалы:

Диктант нормасы

Сыныбы

Диктант саны

Сөз саны

Орфограмма саны

5-сынып

12

90-100

12

6-сынып

12

100-110

16

7-сынып

12

110-120

20

8-сынып

12

120-150

24

9-сынып

4

150-170

24

10-сынып

4/8

170-180

26

11-сынып

4/8

190-200

26

18

 

«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламалары қолданылады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек, мысалы:

Оқу жылы тоқсандары

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

10-сынып

Диктант

2

2

2

2

сынып

Диктант

2

2

2

2

10-сынып

Диктант

1

1

1

1

11-сынып

Диктант

1

1

1

1

4

Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.

Диктанттың мәтінінде:

,

,

өткен сабақтарда меңгерілген орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.

Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырып бойынша білімін тексеруге арналып құрылатындықтан, қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:

– «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;

– «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;

– «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;

– «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.

қойылмайды.

орфографиялық және пунктуациялық қателер:

1) сөзді тасымалдау;

2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;

3) әлі меңгерілмеген ережелер;

4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.

.

Жеңіл қатеге жатады:

1) ережеге бағынбайтын сөздер;

2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер.

диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;

Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:

оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;

оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;

«3» бағасы – оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;

оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.

қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.

, журналға жазылмайды.

:

1) мұғалім барлық қатені түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;

2) орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;

3) түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;

4) емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;

5) сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс;

6) оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.

Жазба жұмыстарында (диктант, шығарма, мазмұндама) жіберілген қателер сол жолдың тұсындағы жиек сызығына шартты таңбалар арқылы көрсетіледі, мысалы:

– орфографиялық қате – /

– тыныс белгілер қатесі – ۷

– абзац керек деген белгі – Z

– абзац артық деген белгі – (-Z)

– екіұшты, осы сөйлемді (сөзді) ойлан деген белгі – ?

– пікір не фактіні бұрмалап алғанын аңғарту үшін – ?!

– осы тұсқа ерекше көңіл аудар – !

– қайталанып тұр, сөздерді ауыстыр – (~~)

– стильдік қате немесе сөз қалдырып кетсе – (…)

 

 


About Author: